Мемлекет басшысы Халықтың әлеу­­­­меттік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады.
Халықтың тұрмыс сапасын арттыру маңызды
840
оқылды

Кездесу барысында халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік қамсыз­дандыру жүйесін институттық деңгейде жаң­­­ғырту мәселелері талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жа­қы­поваға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқықтарына кепілдік­тер мен олардың заңды мүдделерін қамта­ма­сыз ету жөнінде бірқатар тапсырма бер­ді. 

Атап айтқанда, Президент көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және мүгедек ба­лаларды тәрбиелеп отырған аналар се­кіл­ді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен проак­тивті жұмыс істеу, сондай-ақ заңна­ма аясында олардың құқықтары мен мүд­де­­­­лерінің сақталуына қатаң бақылау жүр­гізу қажеттігін айтты.

Президент мүгедектігі бар адамдардың мә­селесін шешуге айрықша назар ау­да­рып, осы санатқа жататын отандас­тары­мыз­дың тұр­мыс сапасын жақсартуға мүм­кіндік бере­тін заңнамалық және инс­ти­туттық базаны жетілдіруге қатысты ұсы­ныстар әзірлеуді тапсырды. 

Кездесу соңында Президент ұсыныл­ған тәсілдерді тиімді жүзеге асыру үшін Уә­кілдің мем­лекеттік органдармен және аза­маттық қо­ғам институттарымен тығыз қа­рым-қаты­наста жұмыс істеуі маңызды еке­нін атап өтті.