Теміртауда Роман Склярға жылу желілерін жөндеу бағдарламасы ұсынылды.
Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр
442
оқылды

Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады. 

Үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетіспей, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда.

Мердігер ұйым басшылығының («AB Construction» ЖШС) есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.

Қалада жылу желілерінің барлық тозған учаскесі бойынша реконструкциялау жүріп жатыр. Жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуға тиіс.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыстың басқа да бірқатар энергия көзін аралады. Ол Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды.