Үш күдікті де қамауға алынды.
Құлсары қаласында жаппай төбелес болып, қылмыстық іс қозғалды
1,039
оқылды

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 1 тамызға қараған түні сағат 03:00 шамасында Құлсары қаласында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында жанжал болып, 2004 жылы туған бір тұрғын жарақат алды. 

Құқық бұзушылыққа жол берген барлық азаматтар анықталып, ұсталды. Үш күдікті де қамауға алынды.

Төбелеске қатысушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады.

ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі және ҚР ҚК 293-бабына сәйкес бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Баян Жанұзақова