Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
3-5 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
10,154
оқылды

«Қазгидромет» РМК 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Елдің басым бөлігі бұрынғыша атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады, найзағай ойнап, нөсер жауын жауады. Республиканың солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, жел соғады және бұршақ жаууы ықтимал.

Елдің батыс өңірлерінде қысым жоғары болып, күн ашық болады. Температура да айтарлықтай өзгермейді.