Сәби ауруханаға жеткізілді.
Балқашта бір жасар сәби терезеден құлады
593
оқылды

Балқаш қаласындағы 6-шағын ауданда оқыс оқиға болды. Ересектердің қарауынсыз қалған сәби терезеден құлады, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

2022 жылғы бала 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатының терезесінен құлады. Сәби ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салады:

- Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;

- Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;

- Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;

- Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;

- Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер;

- Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;

- Барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыс жылжытыңыздар. Бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ шығуын болдырмауға көмектеседі;

- Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;

- Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіздер. Кейіннен осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.