Қарағанды қаласында кезекті жұмыс жәрмеңкесі өтті. Айта кетерлігі, бұл ша­ра­ны «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының Қарағанды облыс­тық филиалы ұйымдастырды.
Жәрмеңке – жұмыс табуға сеп
1,229
оқылды

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың және «AMANAT» партиясының сай­лауалды бағдарламасында жастарды қолдау мә­селесіне баса мән берілген. Онда 2029 жылға дейін 2,3 миллион жасты жұмысқа орналастыру мін­деті қойылды. Осы орайда партияның «Жас­тар Рухы» жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жо­басын жүзеге асырып отыр. Жобаның негізгі ба­ғыттарының бірі – бос жұмыс орындары жәр­меңкесін өткізу, – дейді «AMANAT» партиясы «Жас­тар рухы» жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Ержан Хамитов.

Айта кету керек, соңғы бір айдың ішінде Қара­ғанды қаласында «Жастар Рухының» ұйым­дас­тыруымен 3 жәрмеңке өтті. Халық оның ішін­де жастар ең көп шоғырланған Таир сауда үйі мен «Алтын арба» базарында өткен жәрмеңке қаладағы Орталық саябақта жалғасты. 

Жәрмеңкеге бірнеше мекеме қатысты. Мы­салы, KamaTyresKZ-ке резеңке бұйымдарын сы­наушы, шина өңдірісін бақылаушы сынды жал­пы 27 мамандық бойынша бос жұмыс орнын ұсынса, қала кітапханаларына да  қызметшілер керек. 

Арнайы келген қалалық мәслихат депутат­тары әлеуметтік мәселелер бойынша халықтың ай­тар уәжін тыңдады. Ал Аграрлық несие кор­парациясынан келген өкілдер жастарға берілетін шағын несие туралы келгендерге айтып берді.

– Жәрмеңкені ұйымдастыруда бізге қолғабыс көр­сеткен облыстық Жастар ресурстық орта­лы­ғы­на, жұмыс беруші ұйымдарға, жұмыспен қам­ту орталығына және ақпараттық қолдау көр­сеткен БАҚ өкілдеріне алғыс айтамыз, – дейді Ержан Хамитов. 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы