Семейде балаларды бейімдеу арнайы мекемесінен 15 пен 16 жастағы екі қыз қашып кеткен. Олардың жоғалғанын жергілікті еріктілер мәлімдеді. Бұл туралы lider.kz парақшасы жазды.
Семейде балаларды бейімдеу арнайы мекемесінен екі қыз қашып кетті
1,129
оқылды

Жергілікті еріктілер 14 шілде күні кешке жасөспірімдерді бейімдеу орталығынан екі қыз қашып кеткенін хабарлады.

Желі қолданушылары қыздардың арнайы мекемеден және үйден қашып кетуі бірінші рет емес екенін жазған.

Белгісіз бағытқа қашып кеткен Айдана Әділғазина мен Александра Юрченко әлі іздестірілуде.

"Кімде-кім кәмелетке толмағандардың жүрген жері туралы білсе, облыс полициясына +7 (747) 349-57-17, +7 (771) 349-57-17 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.