Жәрмеңке жұмыссыз жастардың санын азайтуға ықпал етеді.
Астанада 50-ден астам компания жастарға жұмыс ұсынады
1,790
оқылды

«Жастар рухы» Жастар қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтетінін айтты.

«Баршаңызға белгілі, «Жастар рухы» Жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жобасы аясында мыңдаған жұмыссыз жасқа бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмысқа орналасуына ықпал етуде. 

Аймақтарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, жастарға тағы бір табан жақын болудамыз. Дәл осындай ауқымды шараны, ертең, 14 шілде, сағат 16.00-де Арбат алаңында өткіземіз.

Астана қаласындағы жұмысқа тұруға ниетті жастар осы алаңға келіп, 50-ден астам жұмыс беруші ірі компаниялардың бос жұмыс орындарына өз түйіндемесін ұсынып, орналасуға мүмкіндік ала алады», – деді Нұржан Жетпісбаев.

Фото: dauletten.kz