Петропавл қаласында 2 әйел мен ер адамның арасында туындаған кикілжіңнің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
«Қызылжар» дегенді қайдан алдың? – Әлеуметтік желідегі видео елді шулатты
1,584
оқылды

Бейнежазбада әйелдер ер адамға Петропавл қаласы Ресейге қарасты аумақ екенін түсіндіріп баққан. Олардың бірі қазақ тілін білуге міндетті емес екенін, заңда ондай талап бекітілмегенін алға тартса, екіншісі Петропавл Ресейдің губерниясы екенін айтып, ер адамның қаладан кетуін талап еткен.

"Мұнда Петр мен Павелдің қамалы болған, «Қызылжар» дегенді қайдан алдың? Тарихты білесің бе?" – деп сөкті әйелдердің бірі.

Оған ер адам қаланың бұрынғы атауы Қызылжар екенін, болашақта да солай болатынын айтып түсіндірмек болды.

Видеоға пікір білдірушілердің басым бөлігі елді арандатып, дүрліктіріп жүрген бейнежазба авторларын тауып, жазалау керек деген ұстанымда. Ал кейбірі қаланың атауын жақын арада қазақшаға ауыстырмаса, сепаратистік пиғылдағы азаматтардың көбейетініне назар аударған.