Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 150-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылады.
Риддерде 150-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылады
697
оқылды

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддер көшелеріне «Сергек» бейнебақылау жүйесінің камералары орнатылады.

Мақсат – қоғамдағы және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық жасайтындарды анықтау.

«Қазір жүйені іске қосу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Барлығы 139 камера орнату жоспарланып отыр. Камералардың қай жерлерге қойылатыны шешілді», – дейді Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында Риддер бойынша барлығы 275 қылмыс тіркелген. «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылғаннан кейін қылмыс саны азаяды деп болжанады.