«Елорда кубогы» турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде ол Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңген болатын
Қазақстандық боксшы сенсация жасап, әлем чемпионын жеңді
9,200
оқылды

Қазақстандық боксшы Ермахан Жақпеков Астанада «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде сенсация жасады, – деп хабарлайды Sports.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте Жақпеков жапондық Севон Окадзавамен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді – 3:0.

Севон Окадзава – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы Азия вице-чемпионы. Ал Ермахан Жақпеков жастар арасында Азия чемпионы болған. «Елорда кубогы» турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде ол Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңген болатын.