Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте октагонға шығады.
Шавкат Рахмонов Мексиканың тәуелсіздігіне «сыйлық» жасамақшы
2,007
оқылды

Аралас жекпе-жектен UFC ұйымында өнер көрсететін отандасымыз Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегін Кевин Гастелумға қарсы өткізеді. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт хабарлады.

Кездесу Мексиканың тәуелсіздік алған күні саналатын 16 қыркүйекте өтеді. Сарапшылар Шавкат Рахмонов Мексиканың тәуелсіздігіне тосын «сыйлық» жасайтынын айтуда. Яғни, осы бастан Шавкатты кездесудің фавориті деп отыр.

31 жастағы Кевин Гастелумның ұлты – мексикалық, алайда ол АҚШ-та дүниеге келген. Қазіргі сәтте орта салмақтағы (84 келі) әлемдік рейтингте 12-орында тұр.

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта (77 келі) әлемде 5-орынға жайғасқан.

Кевин Гастелум мансабында Тайрон Вудли, Нил Магни, Исраиль Адесанья, Роберт Уиттакер, Даррен Тиль, Крис Вадман секілді атақты спортшылардан жеңілген.