Чемпионат басталғаннан бірінші үзіліске дейін командалар қатарынан 98 күн бойы матч өткізеді.
ҚХЛ-дың жаңа маусымға арналған күнтізбесі жарияланды
1,021
оқылды

Құрлықтық хоккей лигасының 2023/2024 маусымының күнтізбесін жариялады. Командалар 68 матч өткізеді. Ал ойын күндерінің жалпы саны рекордтық көрсеткішке жетеді – 165. 

ҚХЛ-ның 2023/2024 жылғы кезекті маусымы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мәскеудегі ЦСКА Аренада Гагарин кубогының қазіргі иегері ЦСКА мен өткен маусымның финалисі «Ак Барс» арасындағы матчпен басталады.

Маусымдағы жалғыз үлкен үзіліске - Хоккей жұлдыздарының апталығы мен Бірінші арна кубогына дейін командалар қатарынан 98 күн ойнайды. Үзіліс желтоқсанның 8-і мен 18-і аралығында, ал жаңажылдық үзіліс небәрі үш күн – 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында болады. Кесте матчтарды күндерге біркелкі бөлу үшін жасалған. Күн сайын чемпионатта орта есеппен бес матч ойналады.

«Барыс» маусымды өз алаңындағы қысқа сериялы матчтармен бастайды. 2 қыркүйекте қазақстандық команда Астанада «Салават Юлаевпен» ойнаса, 4 қыркүйекте «Сібірді» қабылдайды. Одан кейін «Барыс» Новосібір – Омбы – Мәскеу бағыты бойынша сапарға шығады. «Сібір», «Авангард» және «Динамомен» кездесулер 7, 9 және 11 қыркүйекте өтеді.

Жаңа маусымдағы «Барыс» үшін айтулы күндер:

02/08/2024. Барыс - СКА. «Барыстың» ҚХЛ-дағы 1000-ойыны.

10.02.2024 ж. Барыс - Спартак. Андрей Скабелканың ҚХЛ-дағы 600-матчы («Барыс»).

Плей-офф кезеңі 2024 жылдың 29 ақпаны мен 29 сәуірі аралығында өтеді. Конференция аясында типтік схема бойынша бірінші тур, ал екінші турдан бастап командалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топта Батыстағы қалған командалардың ең үздіктері Шығыстағы төртінші командамен ойнаса, қалған жұп Шығыстағы қалған екінші команда мен Батыстағы үшінші командадан құралады. Жартылай финалдық кезеңде осы жұптардың жеңімпаздары өзара ойнайды.