1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр болжанады, бұршақ жаууы ықтимал.
29 маусым-1 шілде аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1,753
оқылды

«Қазгидромет» РМК 29 маусым-1 шілде аралығындағы күн райына болжамын жариялады.

«Алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальді бөліктер ықпал етеді, онымен қысқамерзімді жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр болжанады, бұршақ жаууы ықтимал. Ал солтүстік пен орталықта күн райы көбіне жауын-шашынсыз болады», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстік аумақтарда 25-30 градусқа дейін, орталықта 30-35, оңтүстікте 33-38, оңтүстік-шығыста 28-33, шығыста 17-25 градусқа көтеріледі. Елдің батысында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Күндіз күн 25-30 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыста – 33-38 градус. 

Фото: life09.kz