«Қазгидромет» ауа райы болжамын жариялады.
Айт күндері ауа райы қандай болады?
4,436
оқылды

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының және атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, елдің батысында, шығысында найзағай ойнайды.

Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрып, солтүстікте тұман түседі.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, 28-30 маусым күндері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. 

Астана

28 маусым – көшпелі бұлт шығып, ауық-ауық жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +20+22°С.

29 маусым – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +22+24°С.

30 маусым – көшпелі бұлтты, ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Алматы

28 маусым – көшпелі бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С.

29 маусым – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +25+27°С.

30 маусым – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.

Шымкент

28 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.

 29 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

30 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.