"AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев «Айқын-Литер» ЖШС ұжымының қызметкерлерін Журналистер күнімен құттықтады.
Елнұр Бейсенбаев «Айқын-Литер» ЖШС ұжымын Журналистер күнімен құттықтады
770
оқылды

"AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев «Айқын-Литер» ЖШС-ға қарасты басылымдардың қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

"AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Журналистер күні қарсаңында «Айқын-Литер» ЖШС ұжымының қызметкерлерін мерекемен арнайы құттықтап келді. 

«Баршаңызды келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер қоғамды ұдайы алға жетелеп отыратын, ел дамуына ықпал ететін құндылықтарды дәріптеуші жандарсыздар. «AMANAT» партиясы қашанда сіздерге қолдау көрсетуге дайын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Қаламдарыңыз ұштала берсін», деп өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.

Сонымен қатар Атқарушы хатшы ұжымның бірнеше қызметкеріне «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың атынан Алғысхат пен сыйлықтарын табыстады.