Спортшының қазасы туралы Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жетісуда Ауыр атлетикадан әлем чемпионының мәйіті табылды
1,813
оқылды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың мәйіті табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 35 жастағы зілтеміршінің мәйіті Қаратал ауданы Достық ауылында тұрғылықты жерінен табылған. 

Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Жақындарының айтуынша, ер адам өзіне қол жұмсаған. Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады. Қылмыстық кодекстің 105-бабына («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі аудандық полиция басшысы қадағалайды.

Владимир Седов – еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысты. 

Фото: tengrinews.kz