Үкімет Астана күнін мерекелеу үшін демалыс күнін ауыстырды.
Құрбан айт пен Астана күніне қазақстандықтар қалай демалады?
4,310
оқылды

Қазақстан халқын бірден екі мереке – Құрбан айт пен Астана күні күтуде. Осы мерекелерге байланысты Қазақстан азаматтары қалай демалатыны туралы "электронды үкіметтің" ресми сайтында хабарланды.

Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейінгі 70-күні үш күн бойы тойланады. Қазақстанның заңнамасына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні ғана демалыс күні саналады.

Мерекенің бірінші күні сәрсенбі, яғни 28 маусымға сай келеді. Тиісінше, бұл күн демалыс күні болады (5 күндік және 6 күндік жұмыс апталары үшін). Бұл ретте демалыс күні ауыстырылуына байланысты сенбі (1 шілде) жұмыс күні болады.

Үкімет Астана күнін мерекелеу үшін демалыс күнін ауыстырды. 2023 жылы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі, 1 шілдеден жұма, 7 шілдеге ауыстырылды. Нәтижесінде, қазақстандықтар елорда күніне төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілде.