Тексеру барысында Алматы полицейлері 5 жезөкшелер үйін анықтады.
Алматыда полицейлер 5 жезөкшелер үйін анықтады
1,440
оқылды

Сонымен қатар жаңа туған сәбиді сатпақ болған адамның жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, адам саудасына тосқауыл қою үшін жасырын жұмыс істейтін орындар тексерілді. 

«Ойын-сауық мекемелері, монша, сауна, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды. Жаңа туған нәрестені сатпақ болған күдіктінің жолын кесті. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. «Емдік массаж жасайтын» 2 орынның интимдік қызмет көрсеткені анықталды», – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Бұған дейін егіз баласын сатқан әйел туралы жазған болатынбыз. 

Фото: Видеодан скриншот