23 маусым күні Almaty Arena-да дүбірлі жекпе-жек өтеді.
Жұма күні Дацик пен Ғалым «ТТ» Алматыда айқасады
982
оқылды

Ұйымдастырушылар қазақстандық пен ресейлік ауыр салмақтағы спортшының жекпе-жегінен бөлек, жанкүйерлерге қандай сый дайындап отыр?

«Рыжий Тарзан» көп айқайлайды! Оны Қазақстанға әкеліңіз, ол қиналып айқайлайтын болады!» – деген еді Ғалым «ТТ» Жасланов ресейлік қатыгез боксшы Вячеслав Дацикті жекпе-жекке шақырғанда. Енді отандық файтер өзінің сол сөзін іске асыруға мүмкіндік алды. Naiza мен UralFC ұйымдарының бірлескен спорттық шарасында олардың ойыны кештің басты шайқасына айналады.

 

Турнирде ММА және кикбоксинг ережелері бойынша барлығы 12 жекпе-жек өтеді. Онда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Англия, Оңтүстік Корея және Словения спортшылары кездеседі.

Қатысушылар бірден екі титул үшін таласатын бірлескен басты оқиға да қызықты болады. Орта салмақтағы Дәурен «Қазақ» Ермеков пен Руслан Шәмилов белбеулерін сарапқа салып, екі ұйымның чемпионы атағына таласады.

Үшінші маңызды жекпе-жекте Қазбек Сағын Naiza-ның супер жеңіл салмақтағы чемпионы атағын Бағдат Жұбаныштан қорғайды. Рамазан Гасанов пен Жанна Бао жартылай орта салмақта бос тұрған Naiza белбеуіне бәс тігеді. Сонымен қатар, көрермендер топ кикбоксшылар Сергей Пономарев пен Матеус Ногейра арасындағы тартысты тамашалайтын болады.

Ал турнирдің демеушісі, қазақстандық ең танымал Olimpbet букмекерлік кеңсесі қонақтарға PlayStation 5, AirPods Pro, Apple Watch және Yandex Station Max сияқты сыйлықтар ұтысын дайындауда.

Ұйымдастырушылар осы жұмада Almaty Arena-да шын мәнінде, есте қаларлық жекпе-жек өткізуге уәде береді. Сағат 18.00-де басталады.

Билеттер құны 3000 теңгеден басталады. Оны zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.