22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.
"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды": 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды
3,074
оқылды

«Қазгидромет» РМК  22-24 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

«22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды», - делінген хабарламада.