Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн, Астана күнінде 4 күн қатарынан демалады.
Қазақстандықтар Құрбан айт пен Астана күнінде қанша күн демалатыны белгілі болды
8,167
оқылды

Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн, Астана күнінде 4 күн қатарынан демалады.

 

28 маусым – Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні, яғни сәрсенбіде ел халқы бір күн демалады.

Сондай-ақ 1 шілдедегі, яғни сенбі күнгі демалыс 7 шілде, жұмаға ауыстырылады. Сондықтан 1 шілде жұмыс күні болады. Ал Астана күнінде қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.

Айта кетсек, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы арнайы қаулы қабылдаған болатын.