Онлайн құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады.
Онлайн құрбан шалуға арналған платформа іске қосылды
1,304
оқылды

ҚМДБ құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты.

«Мұсылман қауымының қасиетті Айт мерекесіне орай, барша қазақ елін «Құрбан-2023» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.

Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі», делінген ресми хабарламада.

ҚМДБ бекіткен 2023 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға түсіп тұр. Үш күндік мерекенің алғашқы күні елімізде демалыс болып есептеледі.