Air Astana әуежайында ұшақтың өртеніп жатқан видеосына Азаматтық авиация комитеті түсініктеме берді.
Алматы әуежайындағы өрт: комитет өкілдері пікір білдірді
704
оқылды

Бір күн бұрын ақпарат құралдары Алматы әуежайында түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда ұшақтан түтін қалай көтерілгенін көруге болады. Авторлар жазбада "Алматы әуежайында Air Astana ұшағы өртеніп кетті" деген болжам жасаған.

    "Бұқаралық ақпарат құралдарында Air Astana ұшағына қатысты ақпаратқа байланысты Алматы әуежайында өрт болмағанын хабарлаймыз. Халықаралық Алматы әуежайының мәліметінше, алдыңғы жөндеу жұмыстары кезінде қосалқы қуат блогының жұмысынан түтін шыққан. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр",  деді Азаматтық авиация комитеті өкілдері.


Air Astana видеоның бүгін, 14 маусымда әуе айлағында түсірілгенін айтты.

    "Бүгінгі KС 853 Алматы – Астана рейсіне ұшақты техникалық дайындау кезінде қосалқы қуат блогының ыстық бөлігіне мұнай буының түсуінен Airbus 321 ұшағында түтін пайда болды. Өрт болған жоқ. Ұшақ кесте бойынша 12:55-те ұшты", – деді әуе тасымалдаушысы.

фото: airastana.com