Белгілі қазақстандық саясат және қоғам қайраткерімен қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті.
Алматылықтар Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды
1,343
оқылды

Бердібек Сапарбаевпен қоштасуға оның отбасы, туған-туыстары мен жақындарынан бөлек, Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің бұрынғы орынбасары Алтай Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, еліміздің өзге де саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Алматының тұрғындары келді.

10 маусымда 71 жасқа қараған шағында еліміздің бес облысының бұрынғы әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, вице-премьер қызметін атқарған Бердібек Сапарбаев қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын Президент Тоқаев жолдаса, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев та көңіл айтты.