Ер адам көп қабатты үйдің төбесінен секірмек болған.
Атыраулық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған   адамды құтқарып қалды
822
оқылды

Оқиға бүгін, 9 маусым күні сағат 17:00 шамасында Атырау қаласының Авангард мөлтек ауданында тіркеліп отыр.

Белгісіз ер адамның суицид жасағалы тұрғаны туралы  Атырау қалалық полиция басқармасына тұрғындар хабарлаған.

 "Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қадірбек Қуатов, Али Қадыров және учаскелік полиция инспекторы Ануар Құспанов дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды құтқарып қалған. 

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, басу айтып тыныштандырған.

1959 жылғы  ер адамның мұндай қадамға отбасылық жанжал әсерінен   барғаны анықталып отыр" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.