Алматыдағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Porsche компаниясының Қазақстандағы ресми импорттаушы өкілі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сәтбаев университеті мен Porsche Kazakhstan арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
1,117
оқылды

Алматыдағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Porsche компаниясының Қазақстандағы ресми импорттаушы өкілі арасында  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум университет студенттері үшін тиімді технологиялық тәжірибені қамтамасыз етуге және бірқатар маңызды білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған. 

Меморандумға сәйкес, Porsche автокөлігінің Қазақстан Республикасындағы ресми импорттаушысы қазақстандық студенттер мен университет түлектеріне еңбек тәжірибесінен және тағылымдамадан өтуге, кейіннен ең дарынды студенттерді жұмысқа орналастыруға көмектесетін болады. Компания университет студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының және ғалымдарының бастамашыл ғылыми-зерттеу жұмыстарына тұрақты түрде қолдау көрсетуге, сондай-ақ университет пен аты аңызға айналған неміс автобренді компаниясының арасындағы байланысты әртүрлі бірлескен жобалар аясында нығайтуға көмектесуге ниетін білдірді.

Серіктестік аясында бірлескен күш-жігер арқасында «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасында оқитын студенттер үшін VR зертханасы құрылды. Мұндай технологиялар оқу процесіне толықтай енуге және ең шынайы жағдайларда қозғалтқыштың немесе беріліс қорабының ішіне үңіліп, барлық бөлшектерді зерттеп, автомобильдің негізгі құрамдас бөліктерінің құрылымын түсінуге мүмкіндік береді. 

«Автоөндірушімен ынтымақтастық аясында университет студенттердің тиімді техникалық тәжірибеден өтуі үшін де, жоғары технологиялар әлеміне шынайы «сүңгуі» үшін де құнды мүмкіндіктерге ие болып отырғанын атап өтті.  Қазір университет Porsche компаниясымен біріге отырып, семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларды тұрақты түрде өткізіп тұруға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының құндылығын арттырады, сондай-ақ теориялық білімді практикада қолдану үшін жастар арасында әрдайым қызығушылық қалыптастырады», – дейді университет ректоры Мейрам Бегентаев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта компания студенттердің әлемдік автомобиль өнеркәсібіндегі соңғы тенденцияларды қадағалап, ең өзекті инновациялық шешімдерден хабардар болуы үшін, бейнебаян базасын жаңартып отыруға мүмкіндік беретін болады.   

«Меморандум аясы бойынша университет те бірқатар міндеттемелерді өз мойнына алып отыр. Бұл тек оқу ғана қатысты емес, атап айтқанда, тағылымдамадан өту кезіндегі үйлестіру және өзара әрекеттесу істеріне, сонымен қатар ғылыми жұмыстарға да қатысты. Сәтбаев Университеті осы кәсіпорын мамандарының мақалаларын өзінің ғылыми-техникалық журналдарында жариялауды көздеп отыр. Қазір серіктестеріміздің сараптамалық ақпараты негізінде біз жоғары практикалық білім беру құндылығы болатын мультимедиялық оқу кешендерін жасаудамыз. Жалпы, мен бұл ынтымақтастықты көп қырлы деп санаймын, әрі бұл жерде компанияның өз шекарасы мен көкжиегін кеңейтуге деген ұмтылысы ерекше маңызды болып отыр. Бізге осындай қолдау көрсеткені үшін Porsche Қазақстан компаниясына алғыс білдіреміз», – деді оқу орнының басшысы М. Бегентаев.

 Еске сала кетейік, биыл 75 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған әйгілі автомобиль бренді дарынды студенттер мен ғалымдарды қолдауға тарихи тұрғыдан үлкен көңіл бөліп отыр. Компания әрқашан ең озық және заманауи әлемдік тәжірибе негізінде білім беру саласын дамытуға ұмтылады. Porsche Қазақстан ресми импорттаушы компаниясының директоры Гаухар Ғабдрахимованың айтуынша,  жаңашылдықты қолдау, қоғамда заманауи білімге деген құштарлықты дамыту, ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру – Porsche компаниясының бұрыннан келе жатқан қағидасы. Porsche Қазақстан дарынды жастарды қолдайды, жастардың алған білімдерінің сапасы мен практикалық құндылығын арттыру мақсатында білім беруге инновациялық технологияларды енгізуді ынталандырады. Сондай-ақ кәсіпорында тағылымдамадан өту, үздік нәтиже көрсеткен мамандарды одан әрі жұмысқа орналастыруға көмектесу өте маңызды. 

«Біз Сәтбаев Университеті сияқты тамаша тарихы мен терең академиялық дәстүрлері бар беделді қазақстандық университетке мамандарды даярлау базасын жақсартуға көмектесуге қуаныштымыз. Қазақстанның технологиялық дамуы үшін біз ынтымақтастық қарым-қатынасымызды ұзақ мерзімге бағыттап отырмыз», – деді Гауһар Ғабдрахимова.

 

                                                        Нұрболат Адырбек, Алматы