Түркияда президент сайлауының 2-кезеңі өтті.
Түркиядағы президент сайлауында Реджеп Тайып Ердоған жеңіске жетті
958
оқылды

Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесі Президент сайлауының 2-кезеңінің қорытындысын жария етті. Сайлау туралы Aikyn.kz  Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сайлау жәшіктеріндегі бюллетеньдер саналды. Нәтижесінде, Реджеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,14 процент дауысына ие болып, жеңімпаз атанды. Енді Ердоған Түркия Республикасын 2028 жылға дейін басқарады.

Ердоғанның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлы сайлаушылардың 47,86 процент дауысына ие болды.

Бұған дейін Түркияда президент сайлауының 2-кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ресми мәлімет жарияланған еді.