Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытайдан 177 боксшы келді.
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 10 алтын алды
2
2,711
оқылды

Алматы қаласында бокстан Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандықтар он «алтын» медаль алды.

Халықаралық турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытайдан 177 боксшы келді. Олар он үш салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Ел құрамасынан он былғары қолғап шебері жеңіс тұғырына көтерілді. Олардың қатарынан Даниял Сәбит (51 келі), Дамир Әбдіқадыр (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Сұлтан Мусинов (63,5 келі), Ділмұрат Мижитов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі) және Шаймұрат Құсайынов (86 келі) бар.

Ал Қытай құрамасынан Ашан Резибек (92 келі) пен Абудурешити Ремула (92 келіден жоғары) «алтын» алды.

Тағы бір «алтын» қырғызстандық Жениш Улпатовқа (48 келі) бұйырды.