Ғаламторда үлкен аюдың адамдарды қуып бара жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аюдың адамдарды қуған сәті видеоға түсіп қалды

Видеода бір топ ер адам қорадан аюды шығармақ болғаны байқалады. Қолдарында таяқ пен арқан болған. Алайда, бір сәтте жабайы аң төбеге секіріп, оларды қуады. Оқиғаның қалай аяқталғаны белгісіз, видеоның жалғасы жоқ.

“Біреуін жеп қойған дейді", – делінген бейнероликте.

Желі қолданушылары оқиғаның қай жерде болғанын болжауға тырысуда. Бір дереккөз бойынша, Қырғызстанда, ал басқалары Қытай аумағында деп жазып жатыр. Қазақстандықтар да видеоның біздің елімізде түсірілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Аю қуған адамдар тірі ме, жоқ па, әлі белгісіз.