Тәуелсіздік – Алжир елі үшін басты құндылықтың бірі.
Елші тәуелсіздік жолындағы күреске құрмет білдірді
2,368
оқылды

Осы аптада Қазақстандағы Алжир Халық Демократиялық Республикасының елшілігі елдің тәуелсіздігіне үлес қосқан Ислам скауттарының құрметіне іс-шара ұйымдастырды.

Төтенше және Өкілетті елші Камал Финиш мырза Ислам скауттарының пайда болу тарихын, сондай-ақ олардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлесі жайлы сөз етті.

Тарихтан білетініміздей 1935  жылы Алжир Республикасының түкпір-түкпірінде қозғалыс құрыла басталды. Ұлттық деңгейде бірнеше топтар пайда болды.

1944 жылы ұлт сүйер басшылардың жол сілтеуімен ұлттық идеялар таратылып, Алжирдің тәуелсіз ел болуын талап еткен революцияның тарихи көшбасшыларының қатысуымен алжирлік ислами скаутерлердің үлкен шеруі ұйымдастырылды. Республика деңгейінде көптеген шеруілер өтті. Соның бірінде, 1945 жылы 8 мамырда Сетиф қаласында ұйымдастырылған бейбіт шеру барысында Бузейд Саағал есімді 26-жастағы скаутер отарлаушының қолынан қаза табады. Себебі, ол қолында Алжирдің жалауын ұстаған екен. Сол уақытта, отан үшін жанын пида еткен батырлардың үніне құлақ асқан, көптеген ғалым-скаутерлер тәуелсіздік жолындағы майданға ат салысты, – деді Камал Финиш мырза.

Іс-шара соңында сол уақытта құрбан болған батырларға арнап дұға-тілектер жасалды.