Астрахан ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталған.
Ауыл әкімі журналиске берген сұхбатынан кейін инсульт алды
2,729
оқылды

Ол 26 мамыр күні кешке ауруханаға түскен. Мұны Қазақстан халық партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Ерғали Жұмағұлов Facebook-те жазды.

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр, жағдайы жақсарған.

Жұмағұлов жазбасында ауруханаға түскен әкімнің жағдайы мен оның "Обожаю" бағдарламасының авторы Асхат Ниязовқа берген сұхбаты арасындағы байланысты меңзеп, айыптаған.