Бас бапкер Луис Энрике үшін бұл Чемпиондар лигасындағы екінші жеңісі.
ПСЖ финалда "Интерді" тас-талқан етті
2,076
оқылды

ПСЖ «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Матчтың басты қаһарманы – 19 жастағы Дезире Дуэ: ол екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Тағы бір 19 жастағы ойыншы – Сенни Маюлу, алаңға шыққан бетте голмен көзге түсті.

Грузия тарихындағы екінші Чемпиондар лигасы жеңімпазы – Хвича Кварацхелия финалда гол соғып, Каха Каладзеден кейінгі ЛЧ жеңімпазы атанды.

Голдар хронологиясы:
12'  Ашраф Хакими
20'  Дезире Дуэ
64'  Дезире Дуэ
73'  Хвича Кварацхелия
87'  Сенни Маюлу

2020 жылы финалда "Бавариядан" жеңілген ПСЖ бұл жолы арманына жетті. Бас бапкер Луис Энрике үшін бұл Чемпиондар лигасындағы екіншісі жеңісі – 2015 жылы "Барселонамен" бірге алғаш рет жеңген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз