Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №43 орта мектептің жанынан 1970 жылғы ер адамды ұстады.
Павлодарда  әйел көйлегін киген ер адам мектеп ауласында ойнап жүрген балаларды бақылап тұрған
1,892
оқылды
26 мамырда әйел көйлегін киген ер адам Павлодардағы №43 мектептің қоршауынан аулада ойнап жүрген балаларды сырттай бақылап тұрған, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат  Instagram-дағы Павлодар Жалобы парақшасында жарияланды. 

Сағат 16.35-те мектеп  маңында біртүрлі адам жүр делінген ақпаратта. Жазба авторының айтуынша, ол полицияға хабарласуға тырысқанымен, бірақ желі үнемі бос болмапты. 

"2023 жылы 25 мамырда сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №43 орта мектептің жанынан 1970 жылғы ер адамды ұстады. Ол Павлодар қаласында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.