«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы Жетісу облысында: малшылар кооперация құруды жоспарлап отыр
3
1,157
оқылды

Бағдарламаға қатысуға Жетісу тұрғындарынан 550-ге жуық өтініш түскен, олардың 90%-ға жуығы мал өсірумен және сүт өндірісімен айналыспақ. Мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынған тұрғындар кооперация құруды жоспарлап отыр.

«Қауымдастық 27 млн ​​теңге көлемінде несие алуға көмектеседі, ал ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған жағдайда, оның 50%-ын мемлекет субсидиялайды. Кооперация арқылы жемшөпті бірлесе сатып алуға, дайын өнімді сатуға, есепшот жүргізуге болады», — деді Алтай Көлгінов.

Кербұлақ ауданы туристерге, әсіресе шетелдік туристер үшін тартымды өңір. Сол себепті белсенді ауыл тұрғындары туристік жобаларды да ұсынып отыр.

Өңірдің қант қызылшасын өсіруге әлеуеті жетерлік. Еліміздің бірнеше аймағында қант қызылшасы өсірілгенімен, әр маусым сайын қант тапшылығы сезіледі. Мұның алдын алу үшін, жекеменшіктегі ірі шаруа қожалықтарымен бірлесіп, осы бағытты дамытуға зор мүмкіндік бар.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт тауарлы фермалар секілді негізгі жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл өз кезегінде, тұтынушыларды елімізде өндірілген сүтпен қамтамасыз етеді.

Жетісу

«Мемлекет басшысы бекіткен «Ауыл аманаты» бағдарламасының мақсаты – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту. Бүгінде республика бойынша ауыл-аймақта 18 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық құру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл бірегей бағдарлама арқылы ауыл тұрғындарына 2,5%-бен 8 млн теңгеден астам несие беріледі. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласы бойынша зор әлеуетін ескере, оны әрі қарай дамыту өте маңызды», — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.