Tesla компаниясы Tesla Bot гуманоид роботының жаңа мүмкіндігін көрсететін видео жариялады
Tesla Bot гуманоид роботтарының соңғы нұсқасын қарсы алыңыз
1,405
оқылды

Tesla компаниясы Tesla Bot гуманоид роботының жаңа мүмкіндігін көрсететін видео жариялады. Компанияның роботтары зауыт жұмысшыларымен қатар қызмет ету немесе оларды толығымен алмастыруы да бек мүмкін.

Бұл туралы Digital Trends басылымы таратқан материалға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

 

Фото Teslaoracle.com сайтынан алынды.

Фото Tesla сайтынан алынды

 

2021 жылы Илон Маск компанияның «қауіпті, қайталанатын, қызықсыз тапсырмаларды жою» үшін жасайтын роботтарын Tesla AI күні таныстырған болатын. Ол кезде робот толық дайын емес еді – ол әрең жүріп, тек арнайы стендтен көрерменге қол бұлғай алды. Tesla роботтарының әлі баяу болса да, өздігінен қозғала алатыны таң қалдырады.

 

Фото Digitaltrends.com сайтынан алынды.

Фото Tesla сайтынан алынды

 

Келесі видеода Tesla Bot-тың қалай баяу, бірақ біркелкі алға қадам басып, нысандарды қолға алып, оларды басқа жерлерге ауыстыратынын, сондай-ақ өз жолындағы нысандарды «тани алатынын» көре аласыз. Бейнематериалды Tesla-ның бас директоры Илон Маск компания акционерлерімен кездесуінде көрсетті.  

 

 

Tesla Bot жақсы прогреске қол жеткізгенімен, электромобиль жасаушы өз бизнесін тиімдірек етуге көмектесу үшін роботты қашан пайдаланатыны белгісіз. Tesla жұмысшылары үшін қауіп төнбейді. Cебебі, гуманоид роботтар олардың орнын әзірге алмастыра алмайды деп ойлаймыз.