Кәсіпкерлікті дамыту мен қол­дау – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі.
Бас прокуратура Клебановтың қызметін тексере ме?
0
997
оқылды

Партия Төрағасы Ерлан Қошанов Шым­кент қаласына сапары кезінде көшбас­шы партия кәсіп­керлерге шағын және орта бизнесті ашу және да­мыту жолын­дағы кедергілерді жойып, жастар­дың бизнес бастауы­на қолдау көрсе­теді деген болатын. Бүгінде үшінші мегаполисте бұл мә­селелер шешімін тауып жатыр. 

Шымкент қаласының тұр­ғыны Дана Мирбекова мил­лион тұрғыны бар қала тұрғын­дары үшін өзекті болып отырған ба­лабақшалардағы орын жетіс­пеу­шілігін жоюға өз үлесін қосып келеді. Ол кәсібін жастар мен әйелдер кәсіпкер­лігіне ар­налған 1 пайыздық жеңілдетілген несие алып ашқан. Оның кәсібін ашуға Shymkent Invest фронт-офисінің мамандары жөн сілтеп, көмек көрсеткен.

«AMANAT» партиясы Шым­кент қа­лалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев, қалалық мәслихат де­путаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев Shymkent Invest фронт-офисіне барып, ондағы жұмысты бағ­дарлап, кәсіпкер­лермен сұхбаттасты. Орталық «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, жобаларды сүйемел­дейді. Маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. Былтыр фронт-офистің көмегіне 2 325 кәсіпкер жүгініпті. Бір пайыздық үстемемен 52 кәсіпкер несие ал­ған. 

Бұл партияның сайлауалды бағдар­ламасында қамтылған мәселенің бірі саналады. 2023-2027 жылдарға арналған «Халық­пен бірге!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарла­маның Жол картасында кәсіп­керлік саласын дамытуға байла­ныс­ты негізгі тармақтар қарасты­рылған. Шымкентте 2027 жыл­дың соңына дейін 80 мың жұмыс орнын ашу, кәсіп­керлік сала­сында жұмыспен қамтылғандар санын 200 мың адамнан асыру жоспар­ланып отыр.

«AMANAT» партиясының бастамасы­мен Шымкентте 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын қо­мақты қаражат бөлініп, өз ісін ба­с­таймын деген 9,5 мың аза­матқа жыл сайын грант және 2,5 пайызбен ми­крокредиттер ашық және әділ бөлінуі қадаға­ланады. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақ­сатында 2,1 мың кәсіпкерге қолдау білдіру басшы­лыққа алынған.

Нұрлан ҚОСАЙ