Жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалмады
Әлем чемпиондарына Астанадан пәтер кілттері табыс етілді
1,131
оқылды

 Өзбекстан астанасында өткен бокстан әлем чемпионатында «алтын» алған спортшыларға пәтер кілттері табыс етілді.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жазды.

photo

 

«Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді.

Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай чемпион атанды. Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық.

Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!»,-деді Жеңіс Қасымбек.