Уақыт ағымына ілесе алмаған бизнестің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан да бүгінгі кәсіпкерлік саласында жаңа технологияны пайдалану тенденциясы анық байқалады.
Компанияның жасанды интеллект жасаған жарнамасы адамдардың көлікке деген көзқарасын өзгертіп жатыр
4,344
оқылды

Мәселен, қазақстандық автомобиль өндіруші Allur компаниясы жарнама агенттігімен бірлесіп, Орталық Азиядағы нейрондық желілер арқылы жасалған алғашқы бейнероликті жарыққа шығарды. Мұны дәл біздің еліміз үшін жаңалық деуге негіз бар.

Рас, қазіргі таңда жасанды интеллект әртүрлі салаларда сәтті пайдаланылып жатыр. Маркетингте де жан-жақты қолданылуда. Алайда, қазақстандық бизнесте мұндай бірегей ынтымақтастық алғаш рет жасалып отыр.

Бір минуттық бейнеролик "Сапарымыздың алғашқы күнінен біз алға ғана ұмтыламыз» деген сөздермен көрермендердің назарын өзіне аударады. Өйткені, бұл 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан компания ұжымының талапшылдығын әрі күш-жігерін сипаттайды.

“Біздің бұл идеямыз көрерменге көліктердің тек тасымалдау құралы емес екенін түсіндіреді. Біздің ойымыз, керісінше көпшілікке жаңа техниканың ерекше сезім сыйлайтынын, алға ұмтылдыратынын, жаңа бастамаларға жетелейтінін көрсету”, – дейді компанияның шығармашылық директоры.

Жасанды интеллект адам баласына ең қажетті дүниені көрсете алады. Мәселен, біз көлікте немесе автобуста келе жатқанда армандарымызға қарай жол саламыз. Осындай қозғалыстың барысында еңбектенеміз және демаламыз, жақын адамдарымызбен байланысамыз, шет тілдерін үйреніп, ойларымызбен бөлісеміз. Сюжетте де дәл осындай шынайы адамдардың бет-бейнесі нейрондық желілер арқылы жасалған бейнелермен үйлесімді айшықталады. Бұл қызықты процесс адам қиялын таңғалдыра түсті.

“Біз көрнекі бейнелерде жеке кеңістіктің идеясын жеткізу үшін дәстүрлі жеңіл әдістерді қолданбадық. Біз нейрондық желілерді пайдаланып, жарнамалық бейнеролик жасайтын Орталық Азиядағы бірінші, әлемдік тәжірибедегі алғашқылардың бірі болғымыз келді. Жасанды интеллект жұмысы әлі де болса қалағанымыздай керемет емес екенін түсінеміз. Дегенмен, адамның ішкі әлемі туралы ойланғанда, қандай да бір уақытша материя туралы айтқанда, бұл тәсілдің біздің пайдамызға қызмет ететінін ұқтық”, – деді Алексей Лейбович.

Бейнероликтің түсірілімі мен өндірісін Қазақстан нарығындағы автомобиль брендтерімен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар продюсерлік студия жүзеге асырды. Нейрондық желілермен жұмыс істеуді қазақстандық жетекші нейросуретші, Jah Khalib-тің "Осенняя" бейнебаяны және қазақша "Жұлдызды соғыстар", "Сақиналар әміршісі" фильмдерімен кеңінен танылған Риз Есентаев мойнына алды.

Маркетингтік мақсатта AI технологияларын пайдалану – әлемдік жетекші компаниялар ұстануға ұмтылатын заманауи үрдіс. Жарнамадағы жасанды интеллект шығармашылықпен айналысуға, тиімділікті арттыруға және өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Әрине, мұнымен нейрондық желілер тамаша нәтижелерге жеткізетін бірден-бір сенімді құрал деуден аулақпыз. Себебі, бейнеролик авторларының айтуынша, мұнда да ауқымды түзету жұмыстары жүргізілген. Кейбір бейнелерде бірнеше рет анимация жасап, жұмыс істеуге және Photoshop көмегімен сәтті кадрлардан коллаждар жинауға тура келген.

Десе де Қазақстанда жарнамалық ролик жасауда жаңа бағыт пайда болды деп сеніммен айта аламыз. Сарапшылар қазірдің өзінде жасанды интеллекттің барлық бизнес түріне әсер еткені секілді digital-ға да әсер етеді деп болжап отыр. Қазір біз жасанды интеллекттің адамдардың көліктерге деген көзқарасын қабылдауды қалай өзгертіп жатқанын көріп отырмыз.

Автокөлік компаниясы өзінің басты құндылығы адам екенін біледі. Сондықтан да 6 мыңға жуық маманды бір ортақ мүддеге – адамдардың игілігі үшін қызмет етуге біріктіріп отыр. Әрбір қазақстандық өз мақсатына еркін әрі сенімді қадам басуы үшін алдағы барлық кедергілерді жоюы керек. Міне, бейнероликте де дәл осы ой айтылған.