Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.
Қарағандыда көлік жүргізушісі аялдаманы қиратып тастаған
787
оқылды

Саран-Қарағанды тасжолында «Lada Granta» және «Honda CRV» көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан «Honda CRV» автокөлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына соғылды, –деп хабарлайды Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Алайда аялдаманың қаңқасы мыжылып, көлік құралдарына да механикалық зақым келді.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Барлық материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.