Миллиардер Илон Маск ең үздік технологиямен туннель салу үшін турнир өткізді.
Санжар Тайжанның командасы Илон Масктың турнирінде үздік атанды
1,340
оқылды

Осы додада қазақтың жас инженері Санжар Тайжан топ жарды. Оның командасы үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Forbes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғылым мен технология жарысы Техастың Остин қаласында өтті. Илон Масктың The Boring Company және SpaceX компаниялары өткізетін not-a-Boring Competition турнирінде Санжар Тайжанның Warwick Boring командасы үшінші орын алды. Финалға бес команда өткен. Туннель салу үшін қажетті бұрғылау машинасын жасау, оны салу туралы жобалар жарысында қазақ баласының идеясы мен еңбегі үздік атанды.

Жеңімппаз инженер ұзындығы – 30 метр, диаметрі 0,5 метр туннель салудың ең үздік үлгісін таңдау үшін 95 рет сынақ жасап, соның 90-ны нәтижелі болғанын айтты. Қазақстандық инженер әлемнің алпауыт компаниялары – The James Dyson Foundation мен Siemens-тің қолдауына ие болды. 

Жас инженер бұл жетістікпен тоқтап қалмай, алдағы уақытта әлемді таңғалдыратын жобаларға атсалысуды жоспарлап отыр.

Фото: Forbes.kz