Олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен.
Әлеуметтік желіде тараған видеодағы екі мас пен полицейдің төбелесіне қатысты ресми түсініктеме берілді
1,758
оқылды
Екібастұзда көшедегі екі мас адам полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен. Орын алған оқиға барысында полицейлердің нысанды киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған.

22 сәуірде сағат 17:20-да Екібастұз қаласының полициясына Пішенбаев көшесіндегі дүкеннің жанында мас күйдегі адамдар ішімдік ішіп, көпшіліктің мазасын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Полицейлер келген кезде дерек расталды. Шынымен де дүкен маңында 34 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел адам болған. Осыған байланысты полицейлер аталған азаматтарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізу туралы шешім қабылдады. Олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен. Жағдай барысында полицейлердің нысанды киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған",– делінген полиция хабарламасында.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ұсталғандар “орташа” дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған. Барлығы уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылды.