Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан бі­рін­ші­­лігінің төртінші турында «Жеңіс» өз алаңында Оралдың «Ақ­жайы­ғын» қабылдады.
«Ақжайық» Астанада есе жіберді
616
оқылды

Бірінші таймда 5-минутта алаң ие­лерінен гамбиялық Па Омар Жобе есеп ашты. Екінші кезеңде грузиялық Тор­нике Дзебниаури 81-минутта есепті 2:0-ге жеткізді. Арада екі минут өткенде «Ақжайық» сапындағы украиналық Ми­кола Агапов бір голмен жауап қайыр­ды. Осылайша, ойын барысында өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған оралдықтар биылғы маусымда алғаш рет жеңіліс тапты – 1:2. Бұл турда сон­дай-ақ түркістандық «Тұран» сырт алаң­да «Ақтөбе-Жас» командасын 6:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде 9 ұпай­мен көш басына көтерілді. Үш матч өткізген түркістандықтар әзірге еш­қандай ұпай жоғалтқан жоқ. Сырт алаң­да «Академия Оңтүстік» ко­ман­да­сын 5:2 есебімен тізе бүктірген «Арыс» төрт ойыннан кейін 9 ұпай жинап, екінші орынға шықты.

«Қыран» «Қайрат-Жастардан» 4:3 есе­бімен айласын асырды.

К.ЕСІМ