Мобильді қосымшаның мүмкіндігі көп.
Дархан Қыдырәлі: Үйден шықпай-ақ газет-журналға жазылуға болады
784
оқылды

Бүгін Астанада қазақ тілінде онлайн контентке арналған «Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбында VI форум өтіп жатыр. 

Жиында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері талқыланды. 

Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйледі. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі газет-журналға жазылу онлайн форматта жүзеге асатынын айтты.

«Қазпоштамен» ақпарат саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ Kaspi Bank-пен де әріптестік байланыс орнатып, баспасөзге онлайн жазылу бойынша келісімге келдік. Нәтижесінде, газет-журналға мобильді қосымша арқылы жазылуға қол жеткіздік», – деді министр Дархан Қыдырәлі.

Формуда контент жасаудың әдіс-тәсілдері жан-жақты талқыланып жатыр.