Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.
Мамырдағы мереке күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
1,100
оқылды

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды,  деп хабарлайды"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

"6 мамырда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ғана жұмысқа шығады. Бұл күні олар азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. 10 мамырдағы мерекелерден кейін барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады", – делінген хабарламада.