Жарыстың жүлде қоры – 17 700 000 теңге.
Алматы облысында бәйгеден жарыс өтеді
1,064
оқылды

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Алматы облысы Талғар ауданындағы Қобыланды батыр атындағы ипподромында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұшқыр бәйгеден Qazaq World Cup турнирі өтеді.

Турнирдің ұйымдастырушысы – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысының әкімдігі, республикалық «Бәйге» федерациясы, сондай-ақ Bayserke Agro холдингі. Жарыстың жүлде қоры – 17 700 000 теңге.

Одан бөлек, көрермендер арасында жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық «Ең үздік ұлттық киім», арқан тарту, қыз қуу, асық ату, қошқар көтеру сияқты ойындардан сайыстар өткізілетін болады.