Жылы ауа райының тұрақтануына байланысты 27 сәуірден бастап жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды.
Астанада жылыту маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды
957
оқылды

Астанада жылыту маусымы аяқталады.

«Жылы ауа райының тұрақтануына байланысты 27 сәуірден бастап жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, талапқа сәйкес, бес күн қатарынан +10 градус температура сақталған жағдайда тұрғын үйлер жылудан ажыратылады.