Журналист Марфуға Шапиян әлеуметтік желідегі парақшасында жеті айда қазақ тілін үйренген жапон қызы туралы баяндап, өзара әңгімесін жариялады.
«Айгүл деп ат қойғызған»: жапон қызы қазақ тілін 7 айда үйренген
1,083
оқылды

Журналист Марфуға Шапиян әлеуметтік желідегі парақшасында жеті айда қазақ тілін үйренген жапон қызы туралы баяндап, өзара әңгімесін жариялады.

Мисаки есімді жапон қызы қазақ тілін қалай үйренгені туралы айтатын видео әлеуметтік желіде 387 мыңнан аса қаралым жинаған. Қыздың айтуынша, Қазақ ұлттық университетінде жеті айдан бері қазақ тілін үйреніп жүр. 

"Қазақстанды өте жақсы көремін. Жеті жыл бұрын алғаш рет Алматыға келдім. Сол кезде қатты ұнады. Сондықтан бірінші орысша үйреніп бастадым. Бірақ өте қиын және қазақтармен жақынырақ болу үшін қазақ тілін үйрендім",   дейді ол. Ол қазақтардың қай қасиеті ұнағанын айтты.

 "Адамдар ұнады. Өте мейірімді және қонақжай",   дейді Мисаки.

 

 Мисакидің айтуынша, оған қазақ тағамдары ішінен ет, қазы ұнаған.

 

 "Бешбармақ, қазақтың еті ұнайды. Қазы да ұнады",  деді ол.

 

 Жапон қызы өзіне Айгүл деген есім таңдап алған.

 

 "Менің шын атым  Мисаки. "Ми" дегеннің мағынасы  "әдемі" деген сөз. Ал "саки" деген гүл сияқты. Сондықтан "әдемі гүл" деген атты қазақша аттардан іздеп, Айгүлді таптым",   дейді ол есімі туралы.

 

Айгүлдің алда Қазақстанға қатысты өз жоспары бар.

"Қазір Жапонияда Қазақстан туралы ешкім білмейді. Сондықтан Қазақстанды көп адамға таныстырғым келеді",  дейді ол.

 Желі қолданушылары аз уақыт ішінде қазақ тілін меңгерген жапон қызына тәнті болды.

@marfugashapian

Бала күнімде атақты авар ақыны Расул Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» атты кітабын оқыдым. Оқыдым да, сонау Кавказ етегіндегі осы бір тау халқына ғашық болдым. Ақынның авар тіліне деген махаббаты менің де өз ана тіліме деген сүйіспеншілігімді арттырған еді. Дағыстанды көруге құмарттым.., жә, ол бөлек әңгіме. Сол «Менің Дағыстаным» ұқтырған дүние – бір ұлттың жанын ұққың келсе, оның тілін үйрену қажеттігі. Содан болар, ана тілімді білетін басқа ұлт, менің жанымды, қазақы болмысымды түсінетіндей көрінеді де тұрады. Кезекті ауызашардың бірінде танысқан жапон қызы Мисакимен сөйлесе келе оның «Басында орыс тілін үйрендім. Сосын қазаққа жақын болу үшін қазақ тілін оқи бастадым»