Ақшаға құныққан басшылар сыйақыға берілген қаржының жартысын қайта жиып алған.
Перзентханадан қаржы жымқырған бас дәрігерді жауапқа тартты
992
оқылды

Шымкентте перзентхананың бас дәрігері мен орынбасары лауазымын асыра пайдаланып, қаржы жымқырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazaqstan телеарнасының дерегінше, басшылар Конституция күнінде перинаталды орталықтағы 31 қызметкердің әрқайсысына 450 мың теңге ақшалай ынталандыру беруді ұйғарған. 

Арасында бөлім меңгерушілері мен дәрігерлер бар. Ақшаға құныққан басшылар сыйақыға берілген қаржының жартысын қайта жиып алған. 

Бас дәрігер еңбек демалысында болғанына қарамастан, хатшысы арқылы ақшаны үйіне алдыртқан. Оның сыбайласы екеуі алаяқтықпен иемденген қаржы көлемі – 2 миллион 800 мың теңге. 

Оңай олжа тапқысы келген лауазым иелерінің кінәсі сотта дәлелденіп, әрқайсысы мемлекетке 3 миллион теңгеден астам қаржы төлеуге міндеттелді.