Кеңесте қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Смайылов: Көмірге сұраныс артқан кезеңде тұтынушыларға тең бөлу керек
767
оқылды

Үкіметте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға қатысқандар перспективалы газ және газ конденсаты кен орындарын игеру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету, шикізатты тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту және басқа да бірқатар өзекті мәселені қарады. 

Сонымен қатар кеңесте қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. 

Премьер-Министр өткен жылыту маусымындағы тәжірибені ескере отырып, цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірді тұтынушылар арасында біркелкі бөлуді қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді. 

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты.